Соның ішінде облысқа қарасты Арал ауданы тұрғындарының белсенділігі жоғары.
Соның айғағындай, Арал өңіріндегі Ақирек ауылдық округінде тұратын Еңсеповтер әулетінің 10 келіні бір мезетте референдум учаскесіне барып, дауыс берді. Әулеттің келіндері ұлт келешегі үшін маңызды науқанға өз таңдауын жасауды басты міндеті деп санайтынын алға тартады. Әрдайым дұрыс таңдау жасау жарқын болашаққа батыл қадам басуға берік іргесін қалайтынын айтады. Бүгінгідей маңызды науқанда да бірліктің берік үлгісін көрсеткен ибалы келіндер көштен қалмай, көппен бірге өз дауысын берді.
Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан аудан тұрғындарына арнайы сыйлықтар да табысталып жатыр.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,
Қызылорда облысы