Референдумға отбасыммен дауыс беру үшін келдім – дәстүрлі әнші Алма Аманжолова

Дәстүрлі әнші Алма Аманжолова референдумда дауыс берді.

Дәстүрлі әнші Алма Аманжолова Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Өнер майталманы №157 жалпы білім беретін мектепте орналасқан № 649 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

"Біз мұндай маңызды күнде шетте тұрмауымыз керек. Мұнда отбасыммен дауыс беру үшін келдім", – дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша республикалық референдум өтуде.  Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша өз сайлау учаскелеріне сағат 20.00-ге дейін дауыс беруге келе алады.