Кинодраматург, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және халық жазушысы Смағұл Елубаев Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Халық жазушысы Алматының Бостандық ауданындағы жалпы білім беретін №125 мектепте орналасқан №301 сайлау учаскесіне келді.
«Бүгінде еліміз үшін маңызды мәселелердің бірі шешілуде. Қазақстанның әрбір азаматына қатысу маңызды. Мәселенің барлық аспектілерін ескере отырып, өз таңдауыңызды жасау қажет. Елдің жаһандық өзгерістер контекстіндегі қажеттіліктеріне сүйене отырып, мен өз таңдауымды жасадым. Бүгін қабылданған әрбір шешім біздің болашағымызды жақсартуға бағытталған деп санаймын», – деп атап өтті Заида Елғондинова.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.