Мұхтархан Қабланбекұлы еліміздің болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа тап болмауы үшін осынау маңызды мәселе бойынша өзінің пікірі мен көзқарасын білдіріп, таңдауын жасауды азаматтық борышы деп есептейтінін айтады.
– Отбасымыз үшін бұл күн мереке секілді басталды. Таңертеңнен Шымкент қаласы «Қайтпас» шағынауданында орналасқан №270 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Бүгін халқымыздың қабылдайтын шешімі еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағына жол ашады деп сенемін, – деді Мұхтархан Ділдәбеков.
Айта кетейік, Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері.
Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы.