Виктор Карпович Медеу ауданында тұрады. Дауыс беру үшін сайлау комиссиясының мүшелері оның үйіне тасымалданатын сайлау жәшігімен келді. Ардагер өзіне көрсетілген қамқорлыққа алғысын білдіріп, ел дамуы үшін маңызды мәселелерді қабылдауға барлық азаматтардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Жүз жасап, ғасырлық өмірімде көп нәрсені бастан өткердім, Отаным үшін көп нәрсе жасадым. Әрине, жастардың тағдырына бей-жай қарамаймын. Сондықтан референдумға қатысып, жұртшылықты өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін көрсетуге шақырамын», – деп түсіндірді Виктор Карпович.
Алматының Медеу ауданының әкімдігінде айтылғандай, Виктор Карпович 18 жасында майданға аттанған. Ол Орал қаласына көшкен Ленинград әскери байланыс училищесіне жіберілген. Венгрияда, Австриядағы шайқастарға қатысып, Вена мен Чехословакия шекарасындағы Знайме (Зноймо) қаласын басып алуда шайқасқан. Соғыс аяқталғаннан кейін ол аға сержант атағын алды.
Виктор Карпович – «Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы», экономика ғылымдарының кандидаты, екі рет еліміздің Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды, көптеген марапаттарға ие, оның ішінде II дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі, мерейтойлық медальдарға ие.