Өз құқығымды пайдаланып болашақ үшін таңдау жасап қайттым – Мұрат Әбенов

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Мұрат Әбенов референдумға қатысты.

Елдің болашағын таңдау құқығымды іске асырдым. Республика деген ұғымның түпкі ерекшелігі – халық билігі. Әр адам мемлекеттің маңызды шешімдер бойынша өз біліміне, тәжірибесіне, саяси ұстанымына, адами құндылығына сүйеніп таңдауын жасауға құқығы бар. 

Ол құқығын іске асыру негізгі құралы – сайлау және референдум. 

Сайлау жиі болып тұрады. Ол мемлекеттік билікті заңдастыру құралы – бұл саяси топтар үшін қызығушылығы жоғары болатын шара. Халық өзі сенгендеріне өкілетті билікті шектелген мерзімге тапсырады. Дұрыс болмаса келесі сайлауда саяси таңдауын өзгертуге құқығы бар. 

Референдум әр мемлекеттің дамуында орны ең жоғары деңгейде тұрады. 

Дамыған мемлекеттерде референдум азаматтардың Мемлекет басқару жұмысына тікелей араласудың негізгі құралы деп түсінеді. 

«Мен салық төлеймін, мен бұл мемлекеттің иесімін, менің атымнан билік өз қызметін атқарады, мен маңызды мәселені өзім шешуім керек» деген азаматтық ұстаным. 

Бүгін біздің мемлекетімізде сондай маңызды күн. Өз құқығымды пайдаланып мемлекетіміздің болашағына таңдау жасап қайттым. Өз біліміме, өмірлік тәжірибеме, азаматтық ұстанымыма сүйеніп дауыс бердім. Үйге келген соң бала-шағама «Сендердің жарқын болашақтарың үшін қызмет», – деп түсіндірдім.

Айта кетейік, бұған дейін «Президент «АЭС-ті қай ел салады?» деген сауалға жауап берді.