«Әйелдер боксындағы ең ірі жеңіс»: Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Лукас чемпиондық белбеу үшін болған жекпе-жекте аргентиналық Дебора Анаи Лопеспен (21-2-1, 1 КО) күш сынасты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокте (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Лукас чемпиондық белбеу үшін болған жекпе-жекте аргентиналық Дебора Анаи Лопеспен (21-2-1, 1 КО) күш сынасты. Кездесу 10 раундқа (екі минуттан) жоспарланып, соңына дейін жалғасты. Төрешілердің шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіске жетті.

«Қазақстан тарихында алғаш рет. Әйелдер боксындағы ең ірі жеңіс. Мен WBO тұжырымының төрт дүркін чемпионы – аргентиналық боксшыны жеңдім және IBO чемпиондық титулын иелендім. Мен өте бақыттымын», - деп жазды Лукас өзінің Instagram-парақшасында.

Бұл Ангелинаның кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі. Ол тек бір-ақ рет жеңілген. Ал, оның аргентиналық қарсыласы осымен үшінші рет жеңіліп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.