Бразилия құрамасы – футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы

Пентакампиондар осы жарыс кезеңінде 7 ойында 38 гол соғып, 6 ғана гол жіберді.

Өзбекстанда өткен финалда Бразилия мен Аргентина құрамалары кездесіп, есеп сары жейде кигендердің пайдасына шешілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 Qazsport  телеарнасының мәліметінше, ойынның алғашқы голын «Семей» футзал клубының ойыншысы Феррао соқты, араға уақыт салып Рафаэль есепті еселеді. Ойын соңында Аргентина жалғыз голын соқты. 

Бразилия 2:1 Аргентина 

6’ Феррао (1:0) 

13’ Рафаэль (2:0) 

39’ Роса (2:1) 

Бразилия командасы турнирдің топтық кезеңінде Куба, Хорватия, Таиланд құрамаларын жеңді. 1/8-де Коста-Риканы жеңіп, ширек финалда Марокко құрамасынан басым түсті. Ақтық сыңға шығарда оңтүстікамерикалықтар турнирдің қола жүлдегерлері Украина құрамасын минималды есеппен жеңіп, финалға жолдама алды. 

Пентакампиондар осы жарыс кезеңінде 7 ойында 38 гол соғып, 6 ғана гол жіберді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    Telegram   арнасынан таба аласыз.