"AMANAT" партиясының Қоғамдық саясат институтының exit poll мәліметтері бойынша, азаматтардың 72,3%-ы атом электр стансасын салуды қолдайды, 27,7%-ы қарсы.
Сауалнамаға 44 160 адам қатысты.
Сауалнаманы учаскелерден шыға берісте exit poll әдістемесін меңгерген кәсіби интервьюерлер жүргізді. 600 интервьюер мен супервайзер тартылды. Сауалнама 300 дауыс беру учаскесінде жүргізілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.