Қазіргі уақытқа дейін шетелде референдумның 69 учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтап, 9 561 Қазақстан азаматы өз дауысын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилия қалаларындағы учаскелер өз жұмысын жалғастырып жатыр.
«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді және азаматтардың 30,2%-ы келіспейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.