7 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды?
Бұл туралы Aikyn.kz сайты sputnik.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бүгін сыпайы жандардың күні. Алғаш рет "мәдениетті адамдар" сөз тіркесі 2014 жылы 28 ақпанда Борис Рожиннің блогында пайда болды. Ол бұлай 2014 жылы ақпан-наурыз айларында Қырымды қоршау кезінде өздерін таныстырмастан, тұрғындармен сыпайы сөйлескен жандарды атаған болатын.
2014 жылдың 16 наурызында Қырым жартылай аралының статусына қатысты референдум өтті. "Мәдениетті адамдар" осы референдумға қатысып, еркін пікір білдіргілері келгендерді қорғады. Саяси шолушы А.Кондрашовтың "Қырым. Отанға апарар жол" фильмінде "мәдениетті адамдардың" қайдан пайда болғандары және олардың мақсат-мұраттары туралы айтылды.
Сондай-ақ, 7 қазан – жылы заттарды еске алатын күн. Әсіресе, бұл үйінде от қосылмаған жандар үшін өзекті болмақ. Мұндайда жылы сөздер айтып қана қоймай, сандықтан жылы пальто, етік, баскиім және мойынорағышты шығарған жөн.
Келесі мереке айнаның алдында ұзақ тұрғанды немесе суретке түскенді ұнататын жандарға арналмақ – адамның өзін-өзі жақсы көретін күн. Айтпақшы, психологтер соңғы кезде ер азаматтардың да бұл "мәселеге" келгенде нәзік жандылардан қалыспайтындарын айтып жүр.
7 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1826 жылы АҚШ-та бірінші теміржол ашылды;
1919 жылы KLM әуекомпаниясы құрылды;
1920 жылы Оксфорд университетіне алғашқы 100 әйел қабылданды;
1999 жылы жүйелік драйверде алғашқы компьютерлік вирус табылды.
7 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1946 жылы Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында "Біржан-Сара" операсының алғашқы көрсетілімі өтті;
1977 жылы КСРО Кеңес Одағы 9-шақырылымының кезектен тыс VII сессиясында жаңа және ең соңғы КСРО Конституциясы қабылданды;
1993 жылы Алматы қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражайы ашылды;
1999 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже бекітілді;
1999 жылы Берлин көшелерінің біріне қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілді;
2004 жылы Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі құрылды.
7 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1932 жылы Кеңес және Украина актрисасы Маргарита Криницын дүниеге келді. Ол "Екі қоянның соңында" фильмінде Проня Прокоповнаның рөлін сомдаған;
1950 жылы кеңестік және ресейлік теле және радиожүргізуші, диктор, журналист Владимир Молчанов туды. Ол "Түнге дейін және кейін" бағдарламасының жүргізушісі;
1952 жылы ресейлік мемлекеттік және саяси қайраткер Владимир Путин дүниеге келді. Ол Ресей Федерациясының президенті;
1979 жылы ресейлік гимнаст, Ресейдің еңбегі сіңген спорт шебері Яна Батыршина туды.
7 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1928 жылы аллерголог, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Виктор Мошкевич дүниеге келді;
1951 жылы актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Жолжақсынов дүние есігін ашты;
1959 жылы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Рашит Ахметов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Бикеш белгісіне келіп тоқтайды. Бұл мейірім мен қуанышқа толы күн болмақ. Белсенді болып, барынша көтеріңкі көңіл күймен жүру маңызды. Мүмкіндігінше сезімді басқара білген жөн. Іштей өзіңізді жақсы сезінсеңіз, кез келген ісіңіз ілгері басады.