Биыл балаға қандай есімдер көп қойылды?

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі көп берілген.

2024 жылы Қазақстанда туған балаларға ең жиі қойылған есімдер анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл ата-аналар балаларына Рамазан және Медина деген есімдерді жиі қойған. 2024 жылы Рамазан есімі 1 161 ұлға, Медина есімі 1 373 қыз балаға берілген.

Ұлдарға жиі қойылған есімдер:

Рамазан; Айсұлтан; Мұхаммед; Мұхаммад; Омар; Әлихан; Әмір; Алан; Нұрислам; Алдияр; Хамза; Ислам; Әли; Муслим; Әлинұр; Дінмұхаммед; Арсен; Имран; Ибраhим; Ахмет; Әлтаир; Мирас; Дарын; Мансұр; Айбар; Дамир. 

Қыздарға жиі қойылған есімдер:
Медина; Айша; Асылым; Раяна; Айлин; Томирис; Сафия; Амина; Аяла; Айым; Айкөркем; Зере; Ясина; Айару; Кәусар; Айзере; Хадиша; Мариям; Фатима; Әмина; Ясмина; Аиша; Адина.