«Ел Дауысы» байқаушылар ұйымы референдумның бірқалыпты өткенін айтады

«Ел Дауысы» байқаушылар ұйымы да өз жұмысын аяқтады.

«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары бүкіл ел бойынша учаскелердегі комиссия жұмысын қадағалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Бақылау барысында сайлау комиссияcының жұмысына жалпы ұйымдастырушылық ескертулер болды. Бірақ жалпы республикалық референдум тыныш өтті.  Жақсы динамикамен басталды әрі қазақстандықтардың басым бөлігі белсенділік танытып, өз таңдауын жасады, – дейді ұйым мүшелері.