Еуразиялық интеграция институты республикалық референдумда еліміздің барлық өңірінде дауыс берген азаматтар арасында сауалнама жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Дауыс берушілерге «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Exit poll таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жүргізілді. Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның ішінде 159 – қалаларда, 91 – ауылдық жерлерде орналасқан. Арнайы даярланған респонденттермен face-to-face әдісі арқылы 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.
Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8 пайызы «Иә, келісемін» деп жауап берген, қалған 28,2 пайызы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдаған.