Рудныйда 4 жұмысшы қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Рудныйда бункерді тазаламақ болған 4 жұмысшы көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 6 қазан күні болған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, төрт жұмысшы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалауға түсіп, қайта сыртқа шыға алмай қалған.

Қостанай облысы ТЖД хабарлауынша, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі барған.

Құтқарушылар жұмысшылардың мәйітін алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,  делінген ақпаратта.