Атырауда қамыс өртеніп жатыр

Оқиға орнына арнайы тікұшақ жөнелтілді.

Атырау облысында батпақты жерлерде қамыс өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

"Қазавиақұтқару" мекемесінің  қызметкерлері жүргізген  тікұшақ  барлауы Құрманғазы және Исатай аудандарының аумақтары арасында Каспий теңізінің жағалауы бойында батпақты жерлерде  қамыс өртеніп жатқанын анықтады. 

Өрт аумағына ТЖД 9 жеке құрам, 1 арнайы техника, "Ақ Жайық" резерватынан 3 адам, 1 жүзу құралы шықты. Сондай-ақ арнайы тікұшақ жөнелтілді.

 Баян Жанұзақова