Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, 1 қыркүйекте 26 жастағы күйзеліске түскен Александр Фоминов хабар-ошарсыз кеткен. Еріктілер өзен жағалау аймағын тексеруде, – деп хабарлайды Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер, туыстары, достары жоғалып кеткен жігітті іздеу шараларын күн сайын жалғастыруда. Ол соңғы рет "Усолка" шағынауданында болған, кешке жұмыстан кейін дүкенге кірген.
– Өзеннен бастап су мұнарасына дейінгі жағалау пысықталды, сондай-ақ "Усолка" шағынауданы қайтадан тексерілді. Нәтиже жоқ, – деп жазды еріктілер.
Іздеу шараларына кинологтар мен атты полиция, дрон жұмылдырылды. Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір маңызды ақпарат болса, еріктілердің келесі WhatsАpp нөмірлері бойынша хабарлауға болады: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана).