Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының рейтингінде төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Рейтингтің жаңартылған нұсқасы бүгін, 7 қазанда жарияланған. Рыбакина 4-орыннан 5-орынға төмендеді.
Рейтингтің көш басында польшалық спортшы Ига Швятек тұр. Екінші орынға Арина Соболенко жайғасқан. Америкалық Джессика Пегула үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Рыбакина жарақатына байланысты АҚШ ашық чемпионатының 2-тур матчы алдында ойыннан шығып қалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.