Ерболат Саурықов, Мәжіліс депутаты: Президент бастамасына халықтың 70 пайызға жуығы қолдау білдірді

АЭС құрылысына қатысты өткізілген рефе­­­рен­думның Exit poll нәтижелері жарияланғаны мәлім.

Мәліметтерге сүйенсек, Президент бастамасына ха­­лықтың 70%-ға жуығы қолдау білдірген. Осы орай­да аз ғана уақыт ішінде Халық­тық штаб құрылып, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп, жан-жақты жұмыс істегенін айтқым келеді. 

Референдум соңғы айлардағы барлық ақпараттық өрістегі негізгі талқылау тақырыбы болды десек жаңыл­маймыз. Халықпен жүздесу, тілдесу сынды жүйелі жұмыстарымыз өз нәтижесін берді.

Өзіміз күткендей ең үлкен қолдауды, энергия тапшылығы мәселесі ең өзекті болып табыла­тын оң­­­түстік өңірлер көрсетті. Сондай-ақ оңтүстік аймақтар халық ең көп шоғырланған өңір болған соң, бұл сәй­­­кесінше қорытынды нәтижеге күшті серпін берді.

Үгіт-насихат жұмыстары барысында қарсылық танытқандар да болды. Олардың дәлелдерінің негізгі бөлігі АЭС қауіпсіздігі мен экологиялық зиян туралы ескі әңгімелерге негізделген. Науқан барысында олардың көпшілігі дәлелді түрде жоққа шығарылғанын ескере кетейін.

Сайлаушылардың орталық комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте таңғы сағат 08:00-де еліміздің барлық облысы мен шетелдегі 10 323 сайлау учаскесінде дауыстар саналғанын айтты. Референдумда дауыс беруге құқығы бар 12 284 487 адамның 7 820 204 адам немесе 63,66% дауыс берді.

Дауыс беруге қатысқандардың 71,12%-ы, яғни 5 561 937 адам жақтап дауыс берді. 2 045 271 адам қарсы дауыс берді. Екі жауап нұсқасын да 82 722 адам таңдады, олар дауыстарды санау кезінде ескерілмеді. Сайлаушылардың еркін анықтау мүм­­кін болмаған бюллетеньдердің саны 130 267 болды. Жалпы, сауалнама 250 учаскені қамтыса, оның 159-ы қалаларда, 91-і ауылдарда болды.