Теміртауда пәтерден адамдардың мәйіті мен аш иттер табылды

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын хабарлады.

Теміртауда пәтерден үш адамның мәйіті мен аш иттер табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлері Уәлиханов көшесіндегі пәтерлердің бірінен адамдардың мәйіті мен арық иттерді тапты. Оларды көршілерінің пәтерінен иіс шыққанын сезген тұрғындар шақырған. Тұрғындар іштен келетін иттердің үнемі үріп, ырылдайтынына да шағымданды.

«Мәйіттердің бұл пәтерде қанша уақыт жатқанын білмейміз. Сосын көршілері иісін сезіп, құтқарушылармен бірге келдік.  Мұнда үш мәйіт және аш иттер болды: пәтердің иесі – әйел, оның ұлы және досы болған. Әйелдің қатерлі ісікпен ауырғанын білдік», - деді марқұм әйелдің көршілерінің бірі.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын хабарлады.

«Мәйіттер Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінен табылғаны рас. Оларда зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Өлімнің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.