Алтай Дүйсекеев, Мемлекеттік саясат институтының әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі: Референдумға белсене қатысу – жауапкершілік

Көптен күткен референдумда мен де өз таңдауымды жасадым.

Сайлауға қатысты бірнеше тармақты атап өткім келеді. Біріншіден, сайлау учаскелерінде дауыс беру де жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сізді есік алдында қарсы алудан ақпараттық бюллетеньді алуға дейінгі әрбір қадам ойластырылған. Бұл барлық азамат үшін қолайлы және ашық дауыс беруді қамтамасыз етеді. Екіншіден, азаматтардың қандай болса да таңдау жасауға деген қызығушылығы жоғары. Адамдарда өмірді өзгертетін мәселелерді шешуге қатысу әдеті қалыптасады.

Референдумға қатысты бөлек айтарым, бұл азаматтардың өз елінің саяси және экономикалық өміріне ықпал етуінің негізгі тәсілдерінің бірі деп айтар едім. Бұл биліктің халық алдында есеп беретінін және олардың пікіріне шынымен құлақ асатынын көрсетеді. Азаматтарға мемлекеттік басқаруға тікелей қатысу құқығы берілген, ал референдум – бұл жай ғана фор­мальдылық емес, демократияның маңызды құралы, ол әрбір азаматтың қолында болуға тиіс.