Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай кісі қолынан қаза болды деген ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған жағдайға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықтап жатыр.
Бұған дейін Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Әнші Мақпал Жүнісова Instagram-дағы жазбасында оған біреулердің қастандық жасағанын айтты.