Жайық өзенінен екі адамның мәйіті табылды
Жайық өзенінен екі адамның мәйіті табылды
Фото: Интернеттен алынды
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні мұз астында адамның денесі көрініп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына сүңгуірлер жетіп, судан әйел адамның денесін алып шықты. Өзен жағасында бос көлік тұрған. Құтқарушыларда «жүргізуші де суға кетті ме» деген күдік пайда болады. Олар сол маңды қарау барысында өзеннен ер адамның мәйіті тапты. Полиция оқиғаның мән-жайын сот-медициналық тексеруден соң айтады. Атырауда қазір күн жылы, бірнеше күннен бері жаңбыр жауып тұр. Жайық өзенінде мұз еріп кеткен.