Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен соттасты

Журналист ажырасқаннан кейін де бұрынғы күйеуінен құтыла алмаған.

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесі Динара Сәтжанға сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тележүргізуші сұхбат барысында бұрынғы күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты. Айтуынша, осы жағдайдан кейін жарты жыл депрессияда жүрген, психотерапевтермен жұмыс істеген.

Журналист ажырасқаннан кейін де бұрынғы күйеуінен құтыла алмаған. Ол аңдып, мазасын алған екен. 

«Дана сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», - деп жазды Динара Сәтжан.

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасы әлі шықпаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.