Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов кейінгі кездері отандық шоу бизнесте қайғылы хабар көбейіп кеткенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр. Күні кеше Гүлнар Сиқымбаева әпкеміз дүние салып еді... Ал бүгін Арман Дүйсеновтің жап-жас ұлы өмірден өтті. Не деген ауыр сынақ еді", – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.
Ал кеше Гүлнар Сиқымбаеваның неден қайтыс болғаны анықталған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.