"Ешқашан өкінбеймін": Жахан Отарғалиев көпшілікке жан сырын ақтарды

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде кино түсіру үшін үйін сатқанына еш өкінбейтінін айтты.

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде кино түсіру үшін үйін сатқанына еш өкінбейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жахан Отарғалиев көпшілік көкейінде жүрген сұраққа Instagram  парақшасында жауап берді. Өнер иесі кино үшін үйін сатқанына еш өкінбейтінін жеткізді. Актер баспанасыз қалса да, өз арманын орындап, халықтың махаббатына бөленгенін айтты.

"Үйіңді сатып, кино түсіргеніңе өкінбейсің ба? Бұл ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Жоқ, мен ешқашан өкінбеймін. Себебі, мен үйімді сатып, киномды түсіріп, өз арманымды орындадым. Сіздердің маған сыйлаған эмоцияларыңыз үйден де қымбат болып тұр", – дейді Жахан Отарғалиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.