Құтқарушылар түнде тұтанған Ақмола облысындағы дала өртін сөндірді

Өртті сөндіру желдің қатты екпіні салдарынан қиындағанымен, қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен жойылды.

Бүгін түнде Ақмола облысы Зеренді ауданында құрғақ шөп пен орман төсемі жанды,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт ошақтарына дереу ТЖД, ЖАО, «Куйбышев орман шаруашылығы» КММ және «Алтын тау» АҚ МЕӨҚҚ жеке құрамның 80 шақты адамы және 20 техникасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру желдің қатты екпіні салдарынан қиындағанымен, қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.