Алматыда экс-судья қамауға алынды

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Алматыда аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен экс-судья Светлана Жолманова қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу жұмыстары басталды.

– Медеу аудандық Полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.