Экс-әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Қазір қылмыстық процеске қатысушылар іспен танысып жатыр.

Сот бір жылға жуық бұрын қамауға алынған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана сотының редакцияның ресми сауалына берген жауабында Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 19 қыркүйекте бірден үш айға ұзартылғаны айтылған. 

– Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді, – делінген жауапта.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Қазір қылмыстық процеске қатысушылар іспен танысып жатыр. Танысқаннан кейін іс сотқа беріледі. Соттың нақты күні әлі белгісіз.