Талдықорғанда көлігімен бірге өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша, әлдекімдер оны өлтіріп, артынан өрт қоюы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда ер адамның шынымен адам қолынан қаза тауып, артынан өртенген болуы мүмкін деген ақпарат әлі расталған жоқ.
– Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.