Шымкентте дүниеге келген алып сәбидің салмағы 6,5 келі, бойы 63 см, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Шарананың денесі үлкен болғанымен, дәрігерлер жүкті әйелді операциясыз босандырып алды. Қазір сәбидің де, ананың да жағдайы жақсы.
Алып сәби көпбалалы отбасының алтыншы перзенті. Ата-анасы оған Тәуекел деп есім берген.