Министр елімізде коронавирус анықталған жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтты
Министр елімізде коронавирус анықталған жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтты
© inform.kz
142
оқылды
Елімізде коронавирус анықталған жағдайда қандай әрекет ету керектігі «Б» жоспарына енген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл жағдайға байланысты бізде «Б« жоспары бар. Елімізде коронавирус анықталған жағдайда қандай әрекет ететініміз осы «Б« жоспарына енген. Жоспар бойынша, еліміздегі инфекциялық ауруханалардағы төсек саны екі есе көбейтілген. Қосымша 14 мың карантиндік төсек-орындар дайындалды. Осындай дертке шалдыққандарға көмек көрсету бойынша кадр мәселелері қаралуда», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылғанын жария етті. йда