Алматы облысы Іле ауданы әкімінің ұсталған сәтінен видео жарияланды

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасымен бірлесіп, бірнеше жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Іле ауданының әкімін ұстады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасымен бірлесіп, бірқатар ауыр жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Іле ауданының әкімін әшкереледі,– деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Антикор мәліметінше, ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз аффилиирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке іліккен.

"Сонымен қатар әкім – полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша күдікті. Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары тартылған. Айта кету керек, компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шартта көзделген міндеттемелері орындалмаған. Ал оның қызметінен түскен табыс шенеунікті жеке байытуға бағытталған", - делінген мәліметте.

Бұл ретте өңір экологиясына құқыққа қайшы әрекеттер салдарынан 204 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.