Қазақстандағы атышулы ұры Леха Семипалатинск Карелия колониясында өлі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kozachkov Telegram арнасына сілтеме жасап.
Карелияда қатаң режимдегі колонияда 66 жастағы қазақстандық "ұры" Айтқали Маймушевтің өлі денесі табылды. Қылмыстық ортада Леха Семипалатинск ретінде танымал болған Маймушев Надвоицы ауылындағы ИК-1 колониясында асылып қалған.
Айтқали Маймушев Қазақстанның Семей қаласында (бұрынғы Семипалатинск) дүниеге келген. Ол Қазақстандағы атышулы қылмыстық тұлғалардың бірі болған. Оның қазасының мән-жайы әлі анықталуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.