Миллиондарды иесіне қайтарып берген күзетші
Миллиондарды иесіне қайтарып берген күзетші
146
оқылды
Қазақстандағы белгілі бизнесмен Бейбіт Әлібеков бір сөмке ақшаны көлігінде қалдырып, есігін жаппай кетіпті. Қызығы, сөмке миллиондарға толы болған. Тіпті, ақша аузынан шығып, көрініп жатқан.  Бизнесменнің айтуынша, үйіне жарты сағатқа кіріп шықпақшы болған ол, асығыстан көлікті қарсы бетке қоя салған. - Үйден шықсам, көлігім  тұрған жерде, көрші мекеменің күзетшісі "Бері келіңізші!" деп қол бұлғап, маған айқайлап тұр екен. Ішімнен "жол жиегіне шығып алдыңыз,  ол жерге көлікті қоюға болмайды" деп сөйлейтін шығар деген оймен жанына келдім. Сол кезде көлігімнің жүксалғышы ашық қалғанын байқап қалдым.
Осыны сезгендей күзетші "Сізді қуып жетпедім, көлікті де осы күйде қалдыра алмады. Түстенуге шығып едім, бірақ сізді күткеніме 40 минуттай болды-ау" деді маған. Сол сәтте миллионға толы бір сөмке ақшаны машинада қалдырып кеткенім есіме сап ете түсті. Онда да "көліктің әйнегінен біреу-міреу байқап, алып кетер" деп ол сөмкені жұксалғышқа қоя салғанмын. Жеңіл көлікте бәрі автоматты ғой, есік жабылмай қалған соң жүксалғыш та ашық қалған. 
Риза болып, әлгі күзетшіге 10 мың теңге ұстаттым.  Ол да балаларыма сыйлық аламын деп мәз болып қалды. шыны керек, әлгі кісі бұл өмірде мейірімді, адал жандар бар екеніне тағы сендірді.   Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын болған екен.