Боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да6 ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер! Аққа - Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір хайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын», - деді боксшы.
Айта кетейік, Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.
Әнару Қалдыбекқызы есімді қыз "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағым түсірген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.