Елдос Сметов ұлан-асыр той жасап, Умраға жолдама сыйлады (видео)

Елдос Сметов сертификаттың нағыз мұқтаж жанға бұйыруын тіледі.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұлдарының сүндет тойы мен қызының тілашарын жасады, – деп жазды Aikyn.kz.   

Дзюдошы тойда "Өнер қырандарының" мүшесі Мадияр Серікбаевқа кіші қажылыққа жолдама табыстады. Бұл туралы "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының мүшесі Мадияр Серікбаев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

"Құрметті ағайын, бүгін Елдос бауырымыздың шаңырағындағы дүбірлі тойында осындай қасиетті мекенге Умра сапары табысталды", – дейді ол. 

Елдос Сметов сертификаттың нағыз мұқтаж жанға бұйыруын тіледі.

"Нағыз мұқтаж, нағыз Алла шақыртқан адамның баруына тілектеспін", – деді спортшы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мадияр Серікбаев (@madiyar_serikbayev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.