Жаңбыр, қар, көктайғақ: 11 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 11 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр түрінде, кейде қатты жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Павлодар облысында, батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында  жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.