Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өмір туралы жазбасы қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Продюсер жолдасы Нұртас Айдарбековпен демалыста түскен видеосын жүктеп, былай деп жазған: "Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін. Сен неге екенін білесің бе? Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту әрқашан ауыр. Өмір қысқа… Бақытты бол және күлімде", – деді ол.
Гүлзира Айдарбекованың сөзі әдеттегідей желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
"Гүлзира, сен жастайыңнан балаларыңды оқытып, өнерге сүйреп, дарынын ашып, дамыттың. Енді соның бақытын көріп отырсыздар, жарайсыздар", "Елдің бәрі осындай сөздерге тойып алған, бәрібір күтеді. "Ешкімнен ештеңе күтпеймін" деген экрандағы әңгіме. Өйткені әр адамның күтетіні бар. 100 пайыз бақытты адам жоқ. Бәрінің ішінде бір құпиясы бар", "Әдемі жұпсыздар", "Жақсы демалыс болсын", "Бақытты болыңыздар, сіздердің жолдарыңызды берсін", "Гүлзира ханым ақылды әйел ғой", "Бірге қартаю деген осы шығар", – деп жазды көпшілік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.