Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Берік Әбдіғалиұлы жақында ғана Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылған еді.

Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

​ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.

  • 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
  • 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
  • 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
  • 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
  • 2021-2022 жылдары  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.