Жітіқарадағы өрт: Облыс әкімі зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты

Облыс әкімі оқиға орнына барып, жедел кеңес өткізді.

Бүгін Қостанай облысына қарасты Жітіқара қаласында өрт шығып, бес бала қаза тапты. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов дереу оқиға орнына барып, жедел кеңес өткізді. Ол оқиғаның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ақпарат штабына сілтеме жасап.

Облыс әкімі қайғылы жағдайға түскен отбасына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Қазір отбасы мүшелерімен психологтер жұмыс істеп жатыр. Олар уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек алатын болады.