Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
12 қазанда сағат 00:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1003-1128 шақырым аралығында Атбасар қаласынан Астраханка ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі автожолдардың учаскесінде шектеу қойылғаны туралы ақпарат жарияланды.
- А-1 "Астана - Петропавл" жолының 341-367 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
- А-13 "Көкшетау - Омбы" жолының 50-54 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
- Р-11 "Көкшетау - Рузаевка" жолының 61-91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.