Қазақстанда әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, – деп жазады Aikyn.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті.
Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі.