Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Алматы облысының Талғар қаласындағы оқиға орнына барды, – деп жазады Aikyn.kz.
- Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, – деді Бауыржан Аленов.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртенгенін жазғанбыз, артынша Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасап, зардап шеккен отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.