Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors кубогын төртінші рет жеңіп алды

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 4:5 есебімен жеңіліп тұрғанда, сербиялық ойыншы сетті аяқтау үшін допты ойынға қосты, бірақ Заңғар кеткен есені қайтарып қана қоймай, партияда жеңіске жетті.

Шымкентте ITF J200 санаты бойынша жасөспірімдер арасындағы Shymkent Open турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Теннис федерациясының мәліметінше, Заңғар Нұрланұлы (149 ITF Juniors) финалда сербиялық Никола Йовичті (95 ITF Juniors) 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 4:5 есебімен жеңіліп тұрғанда, сербиялық ойыншы сетті аяқтау үшін допты ойынға қосты, бірақ Заңғар кеткен есені қайтарып қана қоймай, партияда жеңіске жетті. Нұрланұлы турнирдегі жеңісіне дейін жасөспірімдер рейтингінде өзінен жоғары тұрған мықты қарсыластарынан басым түсіп, 1/4 финалда жарыстың бірінші ракетасын жеңіп кетті.

Бұл – Заңғардың ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол бұған дейін Түркияда екі рет (J100 және J30) және Словакияда (J30) бір рет жеңіске жеткен еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.