"Өзімнен де бар": тағы бір арумен вальс билеген Нұрболат Абдуллин қызу талқыға түсті

Өнер иесі бойжеткеннің көңілін қалдырмай, көпшілік алдында онымен вальс билеген.

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин желіде кезекті концертінен видео жариялап, елдің қызу талқысына түсті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Нұрболат Абдуллин концерті кезінде түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әнші өнер көрсетіп жатқанда сахнаға белгісіз ару шығып алғаны байқалады. Өнер иесі бойжеткеннің көңілін қалдырмай, көпшілік алдында онымен вальс билеген.

"Өзімнен де бар", деген қысқа жазба қалдырды Абдуллин.

Желі қолданушылары әр концертінде тыңдармандарымен вальс билейтін Нұрболат Абдуллинді қызу талқылады.

"Вальс билейтін көйлегін киіп, дайындалып келіпті", "1 млн теңге айыппұл кетті", "Енді концерт сайын қыздар шығып тұратын болды. Ал сіздің үйдегі тәртіп сақшыңыз айыппұлды өсіретін болды", "Сахнаға шығып алу дұрыс емес. Әнші өнер көрсету үшін келеді", "Әйелі қандай сезімде болар екен", "Әйелі, баласы бар ер адаммен вальс билеген қаншалықты дұрыс",  деп жазған көпшілік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.