Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылып, өкілі сайланады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министрдің айтуынша, енді WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар да елімізде өз өкілін тағайындайды.
«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді, бұл – контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деді Жаслан Мәдиев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.