Қазақстан азаматтығын алу үшін жаңа талаптар бекітілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу үшін жаңа талаптарды бекітті.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу үшін жаңа талаптарды бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қабылдау кезінде қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді кемінде 36 балл, ҚР Конституциясының негіздерін кемінде 9 балл, сонымен қатар Қазақстан тарихын кемінде 15 балл білу көлемі бекітілсін»,  делінген құжатта.

Аталған бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.