Қазақстандық спортшылар жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатыр.

Қытайдың Тайань қаласында спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнирде Қазақстанның екі спортшысы жүлдегер атанды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды. 

Олар   Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.

Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.