Солтүстік Қазақстанда жүк көлігі жолда өртеніп кетті

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы Чермошнянка ауылының жанында жүк көлігі өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде ауыздықталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарға автомобиль электр сымдарының жарамдылығын тексерудің қажеттігін еске салады.